2026 жылдың 28 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қостанай облысы тарихына 90 жыл» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға тарихшылар, өлкетанушылар, архив қызметкерлері және музей мамандары қатысты. Олардың қатарында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессорлары А. Күзембайұлы, Қ.Х.Жақып, Д.М.Легкий; академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің физика-математика ғылымдарының докторы Қ.Қ.Жаманбалин; Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары пәні кафедрасының профессоры С.В.Самаркин және басқа да ғалымдар болды.
Конференция өңірдің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерін, мәдени мұрасын және көрнекті жерлестеріміздің Қазақстан тарихына қосқан үлесін талқылауға арналған ғылыми алаңға айналды.
Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, тарих, археология және өлкетануға қатысты материалдармен бөлісті. Сондай-ақ тарихи жадты сақтау және Қостанай өңірінің бай мұрасын кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.
Конференция аясында Қостанай облысының 90 жылдық тарихындағы тарихи, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі кезеңдерін көрсететін тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Конференцияның өткізілуі Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуын атап өтуге қосылған маңызды үлес болды. Сонымен қатар өңірдің тарихи өткенін зерделеп, болашаққа бағдар жасаудағы маңызын айқындады.








