ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ.

    1 / 7
    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Шардара ауданында «Ұлы тұлғаларға құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
    Игі бастамаға аудан тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мәдениет саласының өкілдері, спортшылар мен белсенді ерікті жастар бір кісідей атсалысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
    Сенбілік барысында ұлы тұлғалардың ескерткіштері мен тарихи орындарының айналасы тазартылып, аумақтарды абаттандыру, қоршаған ортаны ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарихи-мәдени мұраларымызды қастерлеу мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
    Ұлы тұлғалардың есімін ұлықтау – олардың өнегелі өмірі мен елге сіңірген еңбегін құрметтеу ғана емес, сол арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, адамгершілік және туған жерге деген жауапкершілік қасиеттерін сіңіру. Өйткені тарихын қадірлеген елдің рухы биік, өткенін ұмытпаған ұрпақтың болашағы жарқын болады.
    Тазалық – тек сенбілік кезінде атқарылатын бір күндік жұмыс емес, ол – әрбір азаматтың күнделікті өмірлік ұстанымы мен ортақ мәдениетінің көрінісі. Ал тарихи орындар мен ескерткіштерді күтіп ұстау – ата-баба мұрасына деген құрметтің айқын белгісі.
    Осындай игі істер арқылы біз өскелең ұрпаққа тазалықтың қадірін, елдік пен ерліктің мәнін, туған жерге жанашыр болудың үлгісін көрсетеміз.
    Өткенге тағзым ету – тарихты тану, бүгінгі тазалықты сақтау – болашаққа аманат. Ұлы тұлғаларға көрсетілген құрмет ұрпақ санасында мәңгі жаңғырып, туған жерге деген сүйіспеншілік нақты іспен жалғасын таба берсін!
    Туған жердің тазалығы мен көркеюі – баршамызға ортақ міндет!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары