1 / 7
Шардара ауданында аудан әкімінің орынбасары Төребеков Бейсенбай Тасполатұлы жеке кәсіпкерлерді қабылдап, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Іс-шара Шардара аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Рүстем Өмірбек Бақтыбекұлының бастамасымен ұйымдастырылып, оған шағын, орта және ірі бизнес өкілдері қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков кәсіпкерлерді мерекелерімен құттықтап, олардың аудан экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға қосып жүрген үлестерін атап өтті.
– Кәсіпкерлік – өңір экономикасының қозғаушы күші. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, тұрғындарды жұмыспен қамтып, халыққа сапалы қызмет көрсетіп жүрген барша кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болып, бизнестеріңіз өркендей берсін! – деген ізгі тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлеріне назар аударылып, олардың қызмет барысында кездесетін мәселелері мен бизнесті дамытуға қатысты өзекті сұрақтар талқыланды.
Кәсіпкерлік саласының өкілдері өзара пікір алмасып, алдағы уақытта ауданның экономикалық әлеуетін арттыру бағытында бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, шағын, орта және ірі кәсіпкерлікті қолдау, іскерлік ортаны дамыту және кәсіпкерлермен тұрақты байланыс орнату – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі.
Іс-шара соңында кәсіпкерлерге толағай табыс, отбасыларына амандық, кәсібіне береке мен өркендеу тілегі айтылды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









