МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

    1 / 8
    Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының бастамасымен аудан әкімінің орынбасарлары Б.Төребеков, Ж.Бердешов, Е.Каратунов пен дербес бөлім басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдауға қатысты.
    Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің жаңа тарихи кезеңдегі басым бағыттарын айқындап, ауыл шаруашылығын дамыту, өнімді терең өңдеу, инвестиция тарту, су ресурстарын тиімді пайдалану, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен қолдану мәселелеріне ерекше назар аударды.
    Сонымен қатар мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру, артық бюрократиялық рәсімдерді қысқарту, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін күшейту, халыққа адал әрі сапалы қызмет көрсету міндеттері атап өтілді.
    Жолдауда көтерілген міндеттер Шардара ауданы үшін де маңызды. Атап айтқанда, ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамыту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жаңа инвестициялық жобаларды қолдау, кәсіпкерлікті өркендету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға басымдық беріледі.
    Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы бастаған аудан әкімдігінің жауапты қызметкерлері Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асыруда өз құзыреттері шегінде жүйелі жұмыс жүргізіп, белгіленген басымдықтардың орындалуына қолдау көрсетеді.
    Президент Жолдауында айтылған тапсырмалар мен міндеттерді негізге ала отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын сақтау және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жалғасады.
    Басты мақсат – Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді нақты істермен жүзеге асырып, Шардара ауданының тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қосу.
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары