ҚОССЕЙІТ АУЫЛЫНДАҒЫ АУЫЗСУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

    1 / 9
    Бүгін Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы Қоссейіт ауылына арнайы барып, ауылдағы су алу құрылысын және ауызсу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
    Аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 556 млн 685 мың теңгені құрайды. Қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен қарастырылған.
    Құрылыс жұмыстары аясында жаңа су ұңғымаларын қазу, су жинау құрылысын жаңарту, су тарату жүйелерін жетілдіру және қолданыстағы су құбырлары желілерін қайта жаңғырту көзделген.
    Нысанды аралау барысында аудан әкімі мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапасына, бекітілген жұмыс кестесінің сақталуына және бөлінген бюджет қаражатының тиімді игерілуіне ерекше назар аударды.
    Сонымен қатар мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес сапалы әрі қарқынды жүргізіп, нысанды белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін тапсырды.
    «Ең бастысы – ауыл тұрғындары сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапасына немқұрайлы қарауға болмайды. Жұмыстар белгіленген талаптарға сай жүргізіліп, уақытылы аяқталуы қажет», – деп атап өтті аудан әкімі Арман Романұлы.
    Аудан басшысы Арман Романұлы жауапты бөлім мен ауылдық округ әкімдігіне құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстап, мердігер мекемемен бірлесіп туындаған мәселелерді жедел шешуді және жұмыс кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
    Аталған жобаның толық жүзеге асуы Қоссейіт ауылының ауызсу инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
    Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шардара ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары