1 / 9
Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев Қоссейіт елді мекенінде 65 тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс нысанына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.
Аталған жоба бойынша «Жасыл аймақ» ЖШС-мен 2025 жылғы 2 желтоқсанда №040140005020/250049/00 келісімшарт жасалған. Жобаның конкурстық құны – 47 млн 798 мың 80 теңге.
Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың ақпан айында басталып, қажетті құрылыс материалдары нысан басына жеткізілген. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Нысанды аралау барысында аудан әкімі мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс жұмыстарын бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, сапалы әрі белгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, тиісті мекеме басшыларына құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстап, мердігер ұйыммен бірлесіп жұмысты үйлестіру және нысан құрылысын уақытылы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Жобаның басты мақсаты – Қоссейіт ауылының 65 тұрғын үйін табиғи газға қосып, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту және халықты қолайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









