Ұлытау облысында жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзған 3 500-ден астам дерек анықталды

    Сәтбаев қаласында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы бір тәулік ішінде ірі көлемді қоқысты заңсыз тастаудың төрт дерегі тіркелді. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Ұлытау облысында абаттандыру ережелерін бұзудың 3 500-ден астам дерегі анықталған.

    Тұрғындарға ескі жиһаздарды, тұрмыстық техниканы және басқа да ірі көлемді қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару қажеттігі ескертіледі. Қалдықтарды қоқыс контейнерлерінің жанына немесе рұқсат етілмеген басқа орындарға тастауға болмайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары