Жезқазғанда АИТВ-ға тегін тестілеуден өтуге арналған «Ашық есік» күні өтеді

    23 қарашада Ұлытау облыстық ЖИТС орталығында «Ашық есік» күні ұйымдастырылады. Іс-шара барысында тұрғындар АИТВ инфекциясына тегін әрі құпия тестілеуден өтіп, мамандардан кеңес ала алады, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    «Ашық есік» күні Жезқазған қаласындағы Ғ. Омаров көшесі, 23 мекенжайында орналасқан облыстық ЖИТС орталығында сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.

    Іс-шара аясында тұрғындарға АИТВ инфекциясын анықтауға арналған жедел тестілеу жүргізіледі. Тест нәтижесі 15-20 минут ішінде дайын болады.

    Сондай-ақ қатысушылар эпидемиолог, инфекционист дәрігерлер мен психологтардан құпия түрде кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.

    Мамандардың айтуынша, заманауи диагностикалық әдістер АИТВ инфекциясын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Ал дер кезінде басталған және үздіксіз жүргізілетін ем адамның денсаулығын сақтауға, өмір сүру сапасын жақсартуға және ұзақ өмір сүруіне мүмкіндік береді.

    Облыстық ЖИТС орталығы өңір тұрғындары мен қонақтарын «Ашық есік» күніне қатысып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

    Өтетін күні: 23 қараша 2026 жыл.

    Уақыты: 09:00-16:00.

    Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Ғ. Омаров көшесі, 23 (аурухана кешені).

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары