Жезқазғанда мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі көрсетіледі

    Жезқазған қаласында қолжетімді көлік ортасын қалыптастыру және мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұру мүмкіндігін кеңейту мақсатында инватакси қызметі көрсетіледі, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Бұл қызметті медициналық көрсетілімдерге сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) жарамды қорытындысын алған мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде балалар пайдалана алады.

    Инватакси азаматтарды жұмыс және оқу орындарына, медициналық және мемлекеттік мекемелерге, сондай-ақ бекітілген тізбеде көзделген басқа да нысандарға тасымалдайды.

    Қызмет бірінші кезекте жұмыс істейтін және білім алатын мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне көрсетіледі.

    Мүгедектер арбасымен жүріп-тұратын жолаушыларды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған автокөліктер қарастырылған.

    Инватакси қызметі кедергісіз орта қалыптастыруға, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыруға және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасауға бағытталған.

    Қызметті рәсімдеу және алу тәртібі туралы қосымша ақпарат алу үшін тұрғындар Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (@jezkazgan.sobes) жүгіне алады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары