Декларацияны келісу қалай жүзеге асырылады?

    Келісу рәсімі бірнеше дәйекті кезеңнен тұрады.
    Бірінші кезең – өтініш беру.
    Мүдделі тұлға объектінің орналасқан жері бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жүгінеді.
    Өтініш «e-Өтініш» бірыңғай цифрлық платформасы арқылы берілуі мүмкін.
    Өтінішке қажетті құжаттар, оның ішінде:
    мердігер (бас мердігер) қол қойған сәйкестік туралы декларация;
    объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
    объектінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар бөлігіндегі жобалау құжаттамасы;
    көзделген іс-шаралардың нақты орындалғанын растайтын фотоматериалдар қоса беріледі.
    Ұсынылған құжаттар анық, өзекті және объектінің нақты жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретін болуы тиіс.
    Екінші кезең – өтініш пен құжаттарды қарау.
    Аумақтық департамент мамандары ұсынылған материалдарды зерделейді, мәліметтердің толықтығын және жобада көзделген іс-шаралардың қолжетімділік талаптарына сәйкестігін тексереді.
    Үшінші кезең – объектіге барып тексеру.
    Нақты қолжетімділікті растау мақсатында мамандар объектіге барып, оның жай-күйін бағалайды, фотофиксация жүргізеді және қажетті мәліметтерді тіркейді.
    Төртінші кезең – шешім қабылдау.
    Құжаттарды қарау және объектіні тексеру нәтижелері бойынша оның белгіленген қолжетімділік талаптарына сәйкестігі айқындалады.
    Сәйкестігі расталған жағдайда декларация келісіледі.
    Бұзушылықтар немесе сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтініш берушіге жою қажет нақты ескертулер көрсетілген дәлелді бас тарту ұсынылады.
    Анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін өтініш беруші декларацияны келісу үшін аумақтық департаментке қайта жүгінуге құқылы.
    Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабына сәйкес өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.

    Уразалина А.Е. халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары