ИКАО Кеңесіне сайлау қорытындылары

    20 қарашада Монреаль қаласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 43-ші кезектен тыс сессиясы аясында ИКАО Кеңесіндегі қосымша төрт орынға сайлау өтті.

    Қазақстан алғаш рет ИКАО Кеңесіне өз кандидатурасын ұсынып, дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс берген 158 мемлекеттің 78 дауысына ие болып, бесінші орынға орналасты.

    Кеңес құрамына Эфиопия,Түркия,Оман және Индонезия сайланды.

    Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50(а) бабына түзету енгізу туралы хаттаманың 2026 жылғы 12 маусымда күшіне енуіне байланысты ИКАО Кеңесіндегі мемлекеттер саны 36-дан 40-қа дейін ұлғайды.

    Жаңартылған құрамдағы Кеңес 2028 жылы ИКАО Ассамблеясының 44-ші сессиясында өтетін келесі сайлауға дейін өз қызметін атқарады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары