Монреаль қаласында (Канада) өтіп жатқан Азаматтық авиация жөніндегі 7-ші дүниежүзілік конференция аясында ҚР Көлік вице-министрінің Гватемала Республикасы Көлік министрінің орынбасары Хосе Фернандо Суриано Буэсомен кездесуі өтті.
Тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ екі мемлекеттің авиациялық ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Гватемала арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және сындарлы диалогты дамытуға өзара мүдделілік расталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









