ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АРДАҚТЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АРДАҚТЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік пен жауапкершілік, елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық ұстаным қалыптастыратын ардақты мамандық иесі.
    Әр баланың жүрегіне жол тауып, қабілетін таныпҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АРДАҚТЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік пен жауапкершілік, елге деген сүйіспеншілік пен азаматтық ұстаным қалыптастыратын ардақты мамандық иесі.
    Әр баланың жүрегіне жол тауып, қабілетін танып, арманына қанат бітіріп, өмірден өз орнын табуына бағыт беру – үлкен жауапкершілік. Осы жолда сіздердің күнделікті еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыздың орны ерекше.
    Ордабасы ауданында білім саласын дамытуға, жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына аянбай еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға шынайы алғысымды білдіремін.
    Біз үшін білімді, тәрбиелі, отаншыл ұрпақ – ауданымыздың ғана емес, тұтас еліміздің ең үлкен капиталы. Ал сол ұрпақты қалыптастыратын сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық.
    Құрметті ұстаздар!
    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілеймін. Ұстаздық жолдағы абыройларыңыз артып, шәкірттеріңіздің әрбір жетістігі сіздерге қуаныш пен мақтаныш сыйласын.
    Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша ұстазға мың алғыс!
    Ұстаздар күні құтты болсын!
    Құрметпен,
    Азат ОРАЛБАЕВ
    Ордабасы ауданының әкімі, арманына қанат бітіріп, өмірден өз орнын табуына бағыт беру – үлкен жауапкершілік. Осы жолда сіздердің күнделікті еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыздың орны ерекше.
    Ордабасы ауданында білім саласын дамытуға, жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына аянбай еңбек етіп жүрген барша ұстаздарға шынайы алғысымды білдіремін.
    Біз үшін білімді, тәрбиелі, отаншыл ұрпақ – ауданымыздың ғана емес, тұтас еліміздің ең үлкен капиталы. Ал сол ұрпақты қалыптастыратын сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық.
    Құрметті ұстаздар!
    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілеймін. Ұстаздық жолдағы абыройларыңыз артып, шәкірттеріңіздің әрбір жетістігі сіздерге қуаныш пен мақтаныш сыйласын.
    Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша ұстазға мың алғыс!
    Ұстаздар күні құтты болсын!
    Құрметпен,
    Азат ОРАЛБАЕВ
    Ордабасы ауданының әкімі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары