
Отырыс барысында депутаттар қалалық мәслихат сессиясының қарауына енгізу жоспарланған төрт мәселені қарады:
▪️ Екібастұз қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы;
▪️ 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджетті нақтылау туралы;
▪️ Екібастұз қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы;
▪️ Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы.
Қалалық бюджетті нақтылау және Екібастұз қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша депутаттарға Екібастұз қаласы әкімінің аппаратының басшысы Г.Ш. Зарлықова ақпарат берді.
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы З.О. Джаксыбаева баяндама жасады.
Талқылау барысында депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдіріп, қажетті түсініктемелер алды.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық төрт мәселе депутаттар тарапынан қолдау тауып, Екібастұз қалалық мәслихатының сессиясында одан әрі қарауға ұсынылды.








