Семейде демалыс күндері 356 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

    Семейде демалыс күндері 356 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

    Демалыс күндері Семей қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
    Іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қаладағы көңіл көтеру орындарын тексеріп, қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізді. Сонымен қатар, профилактикалық есепте тұрған азаматтардың белгіленген талаптарды сақтауына ерекше назар аударылып, олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерулер жүргізілді.
    Нәтижесінде 356 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

    Атап айтқанда:
    алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 36;
    абаттандыру талаптарын бұзу – 33;
    отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер – 14;
    Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру – 40;
    қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу – 44;
    кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы – 19.

    Сонымен қатар, 10 кәмелетке толмаған есепке қойылды.
    Полицияның профилактикалық есебінде тұрған 310 азамат тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді.

    Профилактикалық жұмыстар барысында құқық бұзушылыққа бейім тұлғалармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылданды.

    Полиция қызметінің басты бағыты – құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың тыныштығын сақтау.

    Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік. Сондықтан профилактикалық бақылау мен түсіндіру жұмыстары қала аумағында тұрақты түрде жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары