
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаздық ету – жай ғана мамандық емес, бұл үлкен жауапкершілік пен ұлы миссия. Сіздер жас ұрпаққа тек білім беріп қана қоймай, олардың бойына адами құндылықтарды сіңіріп, еліміздің болашағын тәрбиелеп келесіздер. Сіздердің талантыңыз бен төзімділігіңіздің арқасында Екібастұздың білім беру саласы әрқашан өзінің озық дәстүрлерімен және жоғары кәсібилігімен мақтана алады.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасылық бақыт және ізгі ниетті, алғыс білдіретін шәкірттер тілеймін! Еңбектеріңіз тек қуаныш пен мақтаныш сыйласын!
Н.К. Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы







