Екібастұз қаласының мәслихаты
Мәслихат (жергiлiктi өкiлдi орган)- ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Өз өкілеттігі шегінде аумақтың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының қамтамасыз етілуіне, азаматтар құқықтарының, олардың заңды мүдделерінің қорғалуына жауап береді.
Мәслихат аппараты - тиiстi мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн коммуналдық мемлекеттiк мекеме.
Мәслихат сессиясы - мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны.
Жаңалықтар
АшуАуылдық округтердің дамуы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері қаралды
АшуVIII шақырылымдағы Екібастұз қалалық мәслихаты қызметінің қорытындылары
АшуҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР, АРДАҚТЫ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
АшуБүгін Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраевтың төрағалығымен, Екібастұз қаласының әкімі А.У. Бейсекиннің қатысуымен Екібастұз қалалық мәслихатының VIII шақырылымдағы кезектен тыс 51-сессиясы өтті.
АшуБүгін Екібастұз қалалық мәслихатында қалалық мәслихат төрағасы Нияз Макраевтың төрағалығымен тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті.
АшуҚұрметті ұстаздар және білім беру саласының ардагерлері!
Құжаттар
Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 33/4 «Екібастұз қаласында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Екібастұз қаласында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы» Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 33/4, 2025 жылғы 26 ақпандағы № 229/28 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1) комиссия құрамына: «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Акберген Кайрошевич Жумабаев Комиссия төрағасының орынбасары; «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Саясат Суюнышевич Суюнышев Комиссия мүшесі; Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Архат Адилханович Илеубаев Комиссия мүшесі; Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№ 25 қазақ қыздар гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ментай Дихановна Кобешова Комиссия мүшесі; Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№ 11 жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хамида Буркитбаевна Сулейменова Комиссия мүшесі; Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№ 36 лицей-мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дулат Жүністайұлы Тыныбеков Комиссия мүшесі; «Инновациялық Еуразия Университетінің Жоғары Екібастұз Колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің студенті Алина Васильевна Сурдейкина Комиссия мүшесі болып енгізілсін. 2) комиссия құрамынан Ж.Ж. Мергембаева, Ж.Ш. Мейірман, Ж.Б. Когабаев, М.А. Молдахметова, Н.С. Куанышева шығарылсын. 3) Жанар Куанышевна Токсамбаеваның лауазымындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы» сөздері «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы» сөздеріне ауыстырылсын; 4) Жанар Куанышевна Токсамбаева Комиссия төрағасының орынбасарынан Комиссия хатшысына ауыстырылсын. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраев
Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 32/4 «Қалалық ономастикалық жұмыс тобы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 32/4 «Қалалық ономастикалық жұмыс тобы туралы» Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 228/28 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1) жұмыс тобының құрамына: «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Акберген Кайрошевич Жумабаев Жұмыс тобы төрағасының орынбасары; «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Мәди Асқарұлы Зайкен Жұмыс тобының мүшесі; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының Екібастұз қаласы халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Геннадий Николаевич Арсютин (келісім бойынша) жұмыс тобының мүшесі болып енгізілсін; 2) комиссия құрамынан А.С. Хакимов, Д.С. Текебаева, Ж.Ж. Мергембаева шығарылсын; 3) Жанар Куанышевна Токсамбаеваның лауазымындағы ««Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы» сөздері ««Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы» сөздеріне ауыстырылсын; 4) Жанар Куанышевна Токсамбаева жұмыс тобы төрағасының орынбасарынан жұмыс тобының хатшысына ауыстырылсын. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраев
Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7474-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 5-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық мәлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында бекітілген, Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешімді Екібастұз қалалық мәслихатының интернет-ресурсында оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраев
Екібастұз қаласы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының негізінде Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1 Осы шешімге қосымшаға сәйкес Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраев
Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 324/41 «Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1 Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 324/41 «Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраев
Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 308/39 «Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 78-тармағына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 308/39 «Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары туралы» шешіміне Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 321/41, 2026 жылғы 26 маусымдағы № 344/46, 2026 жылғы 5 тамыздағы № 358/48, 2026 жылғы 27 тамыздағы № 365/49 келесі өзгеріс енгізілсін: Қаланы дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Н. Макраев