
Сессияның күн тәртібіне 8 мәселе енгізілді, оның төртеуі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысында алдын ала қаралды.
Сессия барысында депутаттар келесі мәселелерді қарады:
-Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы мен Екібастұз қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы. Ақпаратты қалалық мәслихаттың сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру және оларға өзгерістер енгізу жөніндегі уақытша комиссиясының төрайымы Л.Т. Қасыманова баяндады.
- 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетті нақтылау және 2026-2030 жылдарға арналған Екібастұз қаласын дамыту жоспарына өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметіне, сондай-ақ есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың қызметіне қатысты Екібастұз қалалық мәслихатының жекелеген шешімдерінің күшін жою мәселесі қаралды. Ақпаратты Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Г.Ш. Зарлыкова баяндады.
- «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» Екібастұз қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Ақпаратты «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы З.О. Джаксыбаева баяндады.
- «Қалалық ономастикалық жұмыс тобы туралы» және «Екібастұз қаласында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы» Екібастұз қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы. Аталған мәселелер бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы А.К. Жұмабаев ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар дауыс беру арқылы тиісті шешімдер қабылдады.
Сессия соңында Екібастұз қаласының әкімі А.У. Бейсекин депутаттарға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, қабылданған шешімдердің қаланың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.








