Құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау тәртібіне жаңа талаптар енгізілді!

    Құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау тәртібіне жаңа талаптар енгізілді!

    ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІНЕ ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

    2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі қолданысқа енгізілді. Құжат құрылыс нысандарын пайдалануға қабылдау, заңсыз құрылысқа жол бермеу және нысандардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды нақтылайды.

    Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Берік Дүйсенов мәлімдеді.

    Жаңа нормаларға сәйкес, мемлекеттік құрылыс инспекторының құрылыс нысанын пайдалануға қабылдау рәсіміне қатысуы міндетті. Сондай-ақ рұқсатсыз немесе заң талаптарын бұза отырып салынып жатқан нысандар анықталған жағдайда, тиісті ақпарат сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.

    Бұдан бөлек, анықталған заң бұзушылықтардың нәтижесі бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарға ауыртпалық енгізу қажеттілігі туралы мәліметтер кадастр органдарына беріледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары