
2026 жылдың қыркүйек айының 24 жұлдызында Алматы қаласында бақылау және қадағалау органдарының бизнес өкілдерінің алдында есеп беруінің Бірыңғай күні өтеді.
Іс-шара «Бақылау және қадағалау органдарының есеп беруінің бірыңғай күнін өткізу қағидаларына» сәйкес өткізіледі.
Есеп берудің бірыңғай күні мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері арасында ашық диалог орнатуға арналған алаң болып табылады. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелерін талқылау, заңнама талаптарын түсіндіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінде туындайтын проблемалық мәселелерді қарау.
Іс-шара аясында бақылау және қадағалау органдарының өкілдері бақылау және профилактикалық қызметтің нәтижелері, заңнамадағы өзекті өзгерістер және міндетті талаптардың бұзылуының алдын алу шаралары туралы ақпарат ұсынады.
Алматы қаласының кәсіпкерлерінен келіп түскен мәселелерге ерекше назар аударылатын болады. Қатысушылар мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша түсініктемелер ала алады, қолданыстағы проблемалық мәселелерді көтеріп, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізе алады.
Есеп берудің бірыңғай күнінің қорытындысы бойынша келіп түскен мәселелер мен ұсыныстар белгіленген тәртіппен қаралады. Іс-шараның қорытындылары туралы ақпарат, оның ішінде негізгі мәселелер мен оларға берілген жауаптар, сондай-ақ тиісті ақпараттық-түсіндіру материалдары ресми интернет-ресурста орналастырылады.
Есеп берудің бірыңғай күнін өткізу мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары қызметінің ашықтығын арттыруға, кәсіпкерлік қоғамдастықпен сындарлы диалогты нығайтуға және бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыруға ықпал етеді.







