Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
2026 жылғы 14-15 қараша күндері Алматы қаласында, Шевченко көшесінің Пушкин мен Қонаев көшелерінің арасындағы бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады. Оның ішінде ет өнімдерінің барлық түрлері, бал, күнбағыс майы, сүт және балық өнімдері, сондай-ақ шұжық өнімдері, шай мен самырсын жаңғағы бар.
Жәрмеңке Алматы қаласының тұрғындарына Шығыс Қазақстан облысында өндірілген табиғи әрі сапалы өнімдерді орташа нарықтық бағадан 8–20%-ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
Жәрмеңке қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өндірушілерден тұтынушыларға ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізуді дамыту жөніндегі жұмыстар аясында ұйымдастырылады.
Барша қала тұрғындарын өңірлік жәрмеңкеге шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









