ЖИДЕЛІАРЫҚТАН ЖАСТАР — ОТАН АЛДЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ АТТАНДЫ!
Бүгін Жиделіарық ауылының мақтанышына айналған Т. Зейнулла мен Н. Маутанов Отан алдындағы қасиетті борыштарын өтеу мақсатында Ақтөбе қаласындағы 30238 әскери бөліміне әскери қызметке аттанды.
Бұл – әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік пен абыройдың, елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнің айқын көрінісі.
Жас сарбаздарымызға ақ жол тілейміз! Әскери өмірдің қиындықтарына қайыспай, тәртіп пен табандылықты серік етіп, ел сенімін абыроймен ақтап шығуларына тілектеспіз!
Ата-аналарына алғыс білдіреміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









