«ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЖІГІТ». ОБЛЫСТЫҚ ЖАЗБА АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 13 қараша күні Жиделіарық ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен «Қызыл Ту» орденінің иегері, еңбек ардагері Әміров Ержігітті еске алуға арналған «Еңбегі ерен Ержігіт» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасы өтті.
Мүшайраның басты мақсаты – еңбегімен елге танылған Ержігіт Әміровтің өнегелі өмір жолын, ел дамуына қосқан үлесін ұлықтау, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, поэзия арқылы ұлттық құндылықтар мен еңбек адамының бейнесін дәріптеу болып табылады.
Облыстық мүшайраға қатысқан ақындар өз шығармаларында еңбек ардагерінің өмір жолын, адамгершілік қасиеттерін, елге сіңірген еңбегін жырлап, өлең өнерінің өрісін танытты.
Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🏆 Бас жүлде – Ақжол Түменбай (Қазалы ауданы);
🥇 І орын – Ақерке Балманова (Сырдария ауданы);
🥈 ІІ орын – Ұлықбек Бекұзақұлы (Қызылорда қаласы);
🥉 ІІІ орын – Аружан Оралбай (Шиелі ауданы);
🥉 ІІІ орын – Ғабит Кәдірбай (Қызылорда қаласы).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









