«Адал еңбек – жарқын болашақ» қамқорлығымен ШҚО ТЖД қызметкерлері «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» тәрбиеленушілері Өскемен қаласының №9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Темірлан Қадыров және ТЖ қызметінің ардагері Қадырбек Нүкежаевпен кездесу ұйымдастырып, құтқарушылар мамандығын қалай игеру керектігін және ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу шарттарын айтты.
Балалар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойып, қызметтің қыр-сыры, өрт сөндірушілердің күнделікті өмірі, сондай-ақ бейінді жоғарғы оқу орнына оқуға түсу шарттары мен талаптары туралы толық ақпараттарын алды.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың кәсіби бағдарлануына ықпал етіп қана қоймай, балаларда патриотизм сезімін тәрбиелейді. Балалар құтқарушылардың қызметі туралы ақпаратты тікелей мамандардың өз аузынан білді. Бұл өз кезегінде күрделі әрі абыройлы мамандыққа деген саналы көзқарасты қалыптастырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









