Риддер қаласындағы Лесная көшесінде жылқы шұңқырға құлап, өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына құтқарушылар жедел түрде жетті. Құтқару қызметінің қызметкерлері арқанның көмегімен жануарды абайлап шұңқырдан шығарып алды.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында жылқы аман-есен құтқарылды.
Құтқарушылар үшін әрбір өмір маңызды!
ТЖМ әрдайым жаныңызда!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









