Күзгі-қысқы жылыту маусымы кезінде құтқарушылар өрттің және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу үшін жаппай профилактикалық рейдтер, аулаларды аралау және халықпен жиындар өткізеді.
Шығыс Қазақстан облысында жылыту кезеңі басталғаннан бері барлығы 27 000-ға жуық тұрғын үйді аралау жүргізілді. Оның барысында үй иелеріне жылыту пеші мен электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелері туралы түсіндірмелер берілді. Рейдтер аясында үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің 9100-ден астам бұзушылығы анықталды, оның 5000-нан астамы жылыту пешіне байланысты. ШҚО ТЖД қызметкерлерінің уақтылы алдын-алу жұмыстары арқасында тұрғындар 1959 бұзушылықты жойды.
"Көпбалалы отбасылар, жалғыз тұратын қарт азаматтар мен мүгедектігі бар адамдар тұратын үйлерге ерекше назар аударамыз, онда көміртегі тотығы датчиктерін орнатамыз. Ағымдағы жылы 1000 дыбыс бергіш құрылғылар орнатылды", - деп атап өтті ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Еңсегенов.
Қайғылы оқиғалардың алдын -алу үшін құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен, еріктілермен бірлесіп жылыту пештерін жөндеуге және оған мұқтаж адамдарға атаулы көмек көрсетеді.Пештің жапқышыныі жарамдылығы тексеріледі, мұржалар жиналған күйеден тазартылады. Құтқарушылардың алдын алу рейдтеріне полиция қызметкерлері де қатысады.Бұл рейдтер жылыту маусымы бойы жалғасады. Құтқарушылар еске салады: үй қауіпсіздігі өз үйінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудан басталады.
ШҚО ТЖД еске салады, пешті жылыту кезінде: жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды балаларға қадағалауды тапсыруға жол берілмейді. Қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды. Пеш пен түтін мұржаларының бетінен 0,5 м кем қашықтықта жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) кептіруге болмайды. Жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (ысырмаларды) пайдалану қауіпті. Ақаулары, жарықтары мен саңылаулары бар пештерді жағуға болмайды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









