Ұлытау облыстық филармониясының ансамблі Қазанда өткен халықаралық фестивальде өнер көрсетті

    1 / 3

    Ұлытау облыстық филармониясының ансамблі Қазанда өткен халықаралық фестивальде өнер көрсетті

    9 қарашада Қазан қаласында «Ресей – Шығыс» («Шығыс базары») халықаралық фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу салтанатының концерттік бағдарламасына Қазақстан атынан қатысқан жалғыз өнер ұжымы – Ұлытау облысының Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармониясының ансамблі болды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Концерттік бағдарламада бес өнер нөмірі ұсынылды. Сахнада «Ялла», «Песняры» сияқты танымал ұжымдар мен Татарстанның жетекші ұлттық ансамбльдері өнер көрсетті.
    Фестивальдің құрметті қонақтары қатарында түрлі мемлекеттің мәдениет министрлері, дипломаттар, елшілер және халықаралық мәдени қауымдастық өкілдері болды.
    Ансамбльдің онда өнер көрсетуі филармония тарихындағы маңызды оқиғалардың біріне айналып, Ұлытау өңірінің өнерін халықаралық сахнада танытуға мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары