Ұлытаулық үш оқушы республикалық «Ақберен» өнер байқауында марапатқа ие болды

    1 / 3

    Жезқазған қаласының үш оқушысы XIII республикалық «Ақберен» өнер байқауында шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, жүлделі орын мен марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Байқау қорытындысы бойынша №3 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Омархан Нұрсұлтан «Көркемсөз оқу өнері» номинациясында І орынды иеленді.
    Аталған білім ордасының 11-сынып оқушысы Нұрсұлтан Майлыбаев «Эссе және әдеби ойлау» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.
    Сондай-ақ №8 гимназияның 10-сынып оқушысы Кәусар Байдалы «Ұлттық аспапта ойнау» номинациясында грамотаға ие болды.
    Республикалық байқаудағы бұл нәтиже Ұлытау облысы оқушыларының әдебиет пен өнерге қызығушылығын және шығармашылық әлеуетін көрсетеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары