Шығармашылық сұлулық тудырады, заң құқықты қорғайды!

    6 қарашада Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Гуманитарлық колледждің студент-практиканттарымен бірге А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының «Шығармашылықтың сырлы сәттері» көрмесінің ашылуына қатысты.
    Экспозицияда жас авторлар өздерінің талантын, бай қиялы мен ерекше қолтаңбасын паш еткен көрнекті дипломдық жұмыстары ұсынылған.
    Кез келген шығармашылық туынды — авторлық құқықтың сенімді қорғауында болатын зияткерлік қызметтің нәтижесі. Шеберлердің еңбегін құрметтеу және құқықтық нормаларды сақтау мәдениеттің дамуына қолайлы жағдай жасайды.
    Мұндай іс-шаралар әсемдік әлеміне үңіліп, талантты жастарды қолдауға ғана емес, сонымен қатар қоғамның зияткерлік меншікті қорғау саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары