Сот шешімдерінің орындалуы

    «Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде, 10 қарашада аға сот орындаушысы сот актісін орындамағаны үшін борышкерге қатысты ЕРАП жүйесі арқылы ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
    Іс материалдары жедел түрде жасақталып, құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту және қарау үшін Наурзум аудандық сотына жіберілді. Борышкер шақырту бойынша келіп, сот төрелігінен бой тасалаған жоқ және шешім шығару үшін сотқа барды.Сот шешімдерінің орындалуы — қоғамдағы құқықтық тәртіп пен әділдіктің негізі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары