1 / 4
10 қараша – Ішкі істер министрлігі ардагерлерінің күніне орай Атырау облысы полиция департаментінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосқан ардагерлер мен департаменттің жеке құрамы қатысты. Шараның ашылуында Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың ішкі істер саласының дамуына қосқан еңбегі мен тәжірибесінің маңыздылығын атап өтті. Мереке аясында ел алдындағы адал қызметі, батылдығы мен кәсібилігі үшін бірқатар ардагерге Атырау облысы полиция департаменті бастығының Алғыс хаттары табысталды. Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ел тыныштығы жолында еселі еңбек еткен ардагерлерге құрмет – ұрпаққа өнеге!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









