Құрметті жаяу жүргіншілер!

    Жолды тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жүріп өтіңіз. Жолға шығар алдында екі бағытқа мұқият қарап, көлік құралдарының тоқтағанына және өтуге қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз.
    Бағдаршамның рұқсат беретін сигналына бағынуды ұмытпаңыз. Жолдан өту кезінде ұялы телефонға алаңдамай, құлаққап пайдаланбаңыз.
    Құрметті жүргізушілер!
    Жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге жол беріңіз. Балаларға, қарт адамдарға және қозғалысы шектеулі азаматтарға ерекше назар аударыңыз.
    Құрметті азаматтар! Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір адамның міндеті. Жолдағы бір сәттік немқұрайлылық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.
    Полиция қызметкерлері баршаңызды жолда мұқият болуға, белгіленген талаптарды сақтауға және өз өміріңіз бен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады!
    Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары