Алғашқы даярлық курстарын аяқтаған тағылымдамадан өтушілер қызметке кірісті

    Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев алғашқы даярлық курстарын аяқтап келген тағылымдамадан өтушілермен кездесті.
    📌 Кездесу барысында жас қызметкерлердің алдағы қызметтік міндеттері түсіндіріліп, оларды лауазымға тағайындау мәселелері қаралды.
    🤝 Сонымен қатар, әр тағылымдамадан өтушіге тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерлер бекітілді. Олар жас мамандарға қызмет барысында бағыт-бағдар беріп, кәсіби тәжірибесімен бөліседі.
    ⚖️ Департамент басшысы жас қызметкерлерге қызметтік міндеттерін адал атқарып, заңдылықты сақтауды және азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуды тапсырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары