2 қараша күні Атырау қаласында жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерін біріктірген республикалық форум өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 160-тан астам қатысушы бас қосқан ауқымды шараға жас полицейлер, тәжірибелі тәлімгерлер, «Жас сақшы» сыныптарының оқушылары мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Форумның басты мақсаты – тәжірибелі буынның өнегесін жас мамандарға жеткізу, кәсіби байланысты нығайту және полиция қызметіндегі ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.

Кездесу барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, полиция қызметінің бүгінгі тынысы мен болашағын талқылады. Сонымен қатар интеллектуалдық викторина ұйымдастырылып, әлеуметтік желілердің полиция қызметіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Форум барысында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды.

Тағылым мен тәжірибе тоғысқан тағылымды шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.