«Қауіпсіз қала»: түнгі тәртіп бұзғандарға бақылау күшейтілді

    Қала аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Полицейлер қоғамдық тәртіпті қадағалап, құқық бұзушылықтарды анықтау, күдікті тұлғаларды тексеру, сондай-ақ қылмыс жиі тіркелетін түнгі клубтар мен мейрамханаларда профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізуде.
    Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың жолын кесіп қана қоймай, олардың алдын алу және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.
    Құрметті қала тұрғындары! Қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын орындауға және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырамыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары