Түркістан қаласында орналасқан «Қуаныш» базары – қаладағы ең үлкен әрі халық көп шоғырланатын сауда орындарының бірі.
Мұнда күн сайын қала тұрғындары мен аудан, қалалардан келген саудагерлер, кәсіпкерлер мен сатып алушылар көптеп келеді.
Сондықтан ақпараттық түсіндіру жұмыстарын дәл осы жерде өткізу – діни сауаттылықты арттырып, терроризм мен экстремизмнің алдын алу жөніндегі маңызды ақпаратты кең ауқымды тұрғындарға жеткізуге мүмкіндік береді.
Көшпелі жиынға базар аумағындағы барлық саудагерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыстырылды.
Жиындарды қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары жүргізіп, «Дін – алауыздықтың емес, адамгершілік пен татулықтың бастауы. Діни сауатсыздық пен жалған ақпарат адамның теріс бағытқа бет бұруына себеп болуы мүмкін. Сондықтан әрбір азамат діни мәселеде білімге сүйеніп, кез келген ақпаратқа сыни көзбен қарауы қажет» деген мазмұнды ой қозғады.
Сонымен бірге, базар қызметкерлеріне террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптары түсіндіріліп, терроризм қаупі туындаған кезде атқарылатын алгоритм талаптары жеткізілді.
Объектілерді зерделеу жұмыстары жүргізілді және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізілді.
Аталған жиналыс саудагерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында танымдық сипатқа ие болып, қатысушылар арасында «осындай жиналыстар әрі қарай жалғасуы қажет», - деген пікірлер білдірді.
Жиналыс қорытындысымен қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауапты сала мамандары тарапынан жауаптар беріліп, мәселелері талқыланды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









