Идеологиялық қысымнан қорғау туралы

    Террористік және экстремистік идеологтардың адамның діни немесе дүниетанымдық ұстанымына әсер етуі әрдайым ашық үгіт арқылы жүрмейді. Кейде ол әлеуметтік желідегі контент, жабық чаттар, эмоционалды әңгімелер немесе «тек біз ғана дұрыс жолдамыз» деген түсінік арқылы біртіндеп қалыптасады.

    Мұндай ықпалдың негізгі белгілерінің бірі – сыни ойлауды шектеу. Адамға сұрақ қоюға, басқа пікірді тыңдауға немесе ақпаратты тексеруге кедергі жасалып, белгілі бір тұлғаға не топқа толық сену талап етілуі мүмкін.

    Идеологиялық қысымнан қорғанудың тиімді жолы – кез келген ақпаратқа бірден сенбей, дереккөзін тексеру, бірнеше пікірді салыстыру және эмоцияға емес, дәлелге сүйену.

    Діни тақырыпта да адамның жеке таңдауы мен ар-ожданы құрметтелуі тиіс. Ал қорқыту, кінә арттыру, қоғамнан оқшаулау немесе адамды өз еркінен тыс белгілі бір көзқарасты қабылдауға итермелеу – манипуляцияның белгілері болуы мүмкін.

    Сондықтан ақпараттық ортада ең маңызды қорғаныс – сыни ойлау, ақпараттық сауаттылық және өз таңдауына жауапкершілікпен қарау.

    Материал Абай облысының ТҚК ақпараты негізінде дайындалды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары