Атырау облысы аумағында 9-23 қараша аралығында «Браконьер» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс-шара мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған. Мәселен, сауда-саттық орталықтарына, базарларға келген тұлғалардың заңсыз ауланған балықтарды, жануарларды өткізу, сату, алу іс-әрекеттерін анықтау мақсатында рейдтер өткізілуде.
Атырау облысы полиция департаменті аң, балық аулау және қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









