Атырау облысы аумағында 10-30 қараша күндері аралығында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу.
Іс-шара барысында сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың салдарынан болатын дене жарақаттарын болдырмау, азаматтардың өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың алдын алу мақсатында, базарлар мен сауда орталықтарында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









