Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, әсіресе TikTok платформасында тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айту, өзге азаматтарды қорлау, әдепсіз әрекеттер жасау және қоғамдық тәртіпке қайшы контент тарату жағдайлары жиі кездесуде.
Полиция ескертеді!
Интернет кеңістігінде жасалған әрекеттер де қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес бағаланады. Тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзатын, өзге азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін және құқыққа қайшы әрекеттер жасаған тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Құрметті желі қолданушылары!
Интернет кеңістігінде заңдылық пен қоғамдық тәртіп талаптарының қатаң сақталуы қажеттігін ескертеміз. Құқыққа қайшы кез келген әрекет заң аясында бағаланып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









