Есірткіге жол жоқ: мұз айдынында профилактикалық акция өтті

    Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Айбол Ідірісов мұз айдынында демалып жүрген қала жастарына есірткінің зияны мен заңсыз айналымының зардаптарын түсіндірді.
    Профилактикалық жұмыс барысында ақпараттық жадынамалар таратылып, есірткіге тәуелділіктің алдын алуға бағытталған бейнеролик көрсетілді.
    Айта кетейік, жыл басынан бері басқарма қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, 130-ға жуық есірткі жарнамалайтын граффити жазуын жойып, 3 мыңнан астам ақпараттық брошюра таратты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары