Атырауда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тас жолдарда дрондардың көмегімен бақылау жүргізіп, күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Мәселен, 12 қараша күні сағат 11:00 шамасында Құлсары – Бейнеу тас жолының 72-шақырымында Toyota 4 Runner автокөлігінің жүргізушісі тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы бағытқа шығып, басып озу маневрін жасаған. 42 жастағы жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері дрон көмегімен 450-ден астам құқық бұзушылық анықталған. Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бақылауды жалғастырады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








