Қуаңшылық аймақтарда су ресурстарын орнықты басқару мәселелері бойынша сараптамалық вебинар өтті

    1 / 2

    2026 жылғы 13 қарашада «KazAID» Қазақстанның халықаралық даму агенттігі, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ жәнеЫ. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, «Қуаңшылық аймақтарда су ресурстарын орнықты басқарудың ғылыми тәсілдері» тақырыбында сараптамалық вебинар ұйымдастырды.

    Вебинар барысындаЫ. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Басқарма Төрағасының орынбасары, техникалық ғылымдар академигі Жанұзақ Байманов және аталған институттың бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Өмірзақов су тұтынуды цифрлыққадағалау, құрғақшылықты болжау және су ресурстарын интеграцияланған басқару бойынша ғылыми тәсілдерді таныстырды.

    Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің бейінді министрліктерінің, мемлекеттік органдары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының 45-тен астам өкілі қатысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары