KazAID климаттың өзгеруі жағдайында су үнемдеуші егіншілік мәселелері бойынша сараптамалық вебинар өткізді

    1 / 2

    «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ және «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (ҚазЕӨШҒЗИ) егіншілік зертханасымен бірлесіп, KazAID-тің «Kazakhstan Cooperation Programme» (KCP) бағдарламасы аясында «Климаттың өзгеруі жағдайындағы су үнемдеуші егіншілік» тақырыбында сараптамалық вебинар өткізді.

    Қатысушылар алдында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚазЕӨШҒЗИ егіншілік зертханасының меңгерушісі Рауан Жапаев сөз сөйледі. Вебинар барысында суару суын үнемдеудің заманауи технологиялары, тамшылатып және жаңбырлатып суаруды қолдану, тікелей себу технологиялары (No-Till және Strip-Till), сондай-ақ топырақ ылғалдылығын бақылауға арналған цифрлық құралдарды пайдалану мәселелері қарастырылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының су өнімділігін арттыруға және Қазақстанның ауыл шаруашылығын құрғақшылық жағдайларына бейімдеу бойынша практикалық тәжірибесіне ерекше назар аударылды.

    Іс-шараға Орталық Азия елдерінің бейінді мемлекеттік органдары, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, халықаралық ұйымдар мен аграрлық сектордың 50-ге жуық өкілі қатысты.

    Аталған іс-шара KazAID-тің су ресурстарын ұтымды пайдалану, су үнемдеу технологиялары және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған онлайн-вебинарлар топтамасының бір бөлігі болып табылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары