Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Үздік радиотелефонист» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
2026 жылғы 5 қарашада Департаментте байқаудың екінші кезеңі ұйымдастырылып, оған бірінші кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Алғашқы кезең аумақтық бөлімшелерде өткізілді.
Қатысушылар төтенше жағдайлар кезінде кезекші-диспетчерлік қызметтің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша білімдерін, «Диспетчер» ААЖ жүйесімен жұмыс істеу дағдыларын, өрт туралы хабарламаларды қабылдау және өңдеу бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын — Қостанай ауданы ТЖБ №10 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау прапорщигі Наталья Валерьевна Лисицина.
2-орын — Қостанай қаласы ТЖБ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Алина Салдатбаевна Тоқтарбаева.
3-орын — Арқалық қаласы ТЖБ №4 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау старшинасы Айдана Қайратқызы Әмір.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараның мақсаты — диспетчерлік қызмет қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, практикалық дағдыларын жетілдіру және үздік мамандарды анықтау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








