Қостанай облысы ТЖД қызметкерлеріне кәсібилігі мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін кезекті арнаулы атақтар берілді.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтар беру рәсімі өтті.
«Азаматтық қорғау полковнигі» атағы Өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу басқармасының бастығы Идрис Мураткаблович Такеновке берілді.
«Азаматтық қорғау подполковнигі» атағы:
* Жітіқара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Сакен Лиасович Алимбаевқа;
* Әулиекөл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Бакыт Кадыржанулы Мукушовқа берілді.
«Азаматтық қорғау майоры» атағы:
* Денисов ауданының № 8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Талгат Маратович Аутеновке;
* Федоров ауданының № 7 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары Азамат Мухамедьярович Итесовке;
* Алтынсарин ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Жаслан Айтпаевич Мухамбетовке берілді.
«Азаматтық қорғау капитаны» атағы Жоспарлау және жедел басқару орталығының ұйымдастыру-ақпараттық-талдау жұмысы тобының бас маманы Карина Танатовна Дюсекеевaға берілді.
«Азаматтық қорғау лейтенанты» алғашқы арнаулы атағы:
* Департаменттің техникалық нормалау бөлімінің инженері Айна Бахыткызы Шаганға;
* Рудный қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Тимур Булатович Кузбаковқа;
* Меңдіқара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің № 9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нурлыбек Галимжанович Сеитовке берілді.
Арнаулы атақтардың берілуі қызметкерлердің кәсібилігін, қызметтік міндеттерін адал атқаруын және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесін мойындау болып табылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








