Қостанайда мотопомпалардың дайындығы тексерілді

    1 / 7

    Қостанайда бөлімшелердің су тасқыны жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында тіркемелі және тасымалды мотоппалардың жарамдылығына тексеру жүргізілді.

    Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті тіркемелі және тасымалды мотоппалардың техникалық жарамдылығын тексерді.

    Тексеруге Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері тартылып, олар өз теңгеріміндегі тіркемелі және тасымалды мотоппаларды ұсынды.

    Тексеру барысында мотоппалардың техникалық жарамдылығы, сондай-ақ олардың су тасқыны жағдайында қолдануға дайындығы бағаланды. Жабдықтардың өрт жеңдерімен толық жасақталуына және жеке құрамды қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

    Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайлар туындаған кезде техниканың жедел әрекет етуге тұрақты дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары