Солтүстік Қазақстан облысындағы жаңадан салынған май экстракциялау зауытында өндірістен шыққан бу қазанына бастапқы техникалық куәландыру жүргізілді.
Аталған іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы маманы қатысты. Техникалық куәландыру барысында қазанның техникалық жай-күйіне бағалау жүргізіліп, оның негізгі тораптары мен механизмдерінің жарамдылығы, сондай-ақ жабдықтың қауіпсіз пайдалануға дайындығы тексерілді.
Бастапқы техникалық куәландыруды жүргізу жабдықты пайдалануға енгізу алдындағы маңызды кезең болып табылады. Ол авариялардың алдын алуға, өндірістік процестің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








