СКО ТЖД хоккей командасы «Прогресс» дивизионында көш бастап келеді

    1 / 6

    «Қызылжар» командасы ҚР ТЖМ құрама командасына ойыншылар іріктеу аясында Қостанай әуесқой хоккей лигасында сәтті өнер көрсетуде.

    Мәскеу қаласында өтетін жыл сайынғы халықаралық хоккей турниріне дайындық аясында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Қызылжар» командасы Қостанай әуесқой хоккей лигасының «Прогресс» дивизионында өнер көрсетуде. Аталған жарысқа қатысу Мәскеуде өтетін алдағы турнирде ТЖМ намысын қорғайтын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрама командасын жасақтау үшін ойыншыларды іріктеу жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.

    Өткен төрт турдың қорытындысы бойынша «Қызылжар» командасы өз дивизионында бірінші орынға ие болып, сенімді ойын өрнегін және командалық ауызбіршілігін көрсетуде.

    Лигадағы өнер көрсету хоккейшілерге спорттық шеберліктерін шыңдауға, ойын бабын сақтауға және халықаралық жарыстарға қатысатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрама командасы сапына енуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары