Қауіпсіздік жолындағы адал қызмет

    1 / 7

    Өрт сөндіруші-құтқарушыдан өрт сөндіру бөлімінің бастығына дейінгі жолды жүріп өткен азаматтық қорғау капитаны Мухамбетов Акторе Темиржанович – кәсібіне адалдық пен жауапкершіліктің үлгісі.

    Адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету – батылдық пен кәсіби шеберлікті талап ететін жауапты міндет. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Федоров ауданының № 7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Мухамбетов Акторе Темиржанович осы жолда қызмет етіп келеді.

    Ол еңбек жолын 2016 жылы Алтынсарин ауданының Силантьевка ауылындағы № 6 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы болып бастады. Кейін аға өрт сөндіруші-құтқарушы және бөлімше командирі қызметтерін атқарды. 2021 жылы Қостанай техникалық институтын аяқтап, Федоров ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде инженер болды. 2022 жылы № 7 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары, ал 2025 жылы бөлім бастығы болып тағайындалды.

    Мамандық таңдауына өзін осы салада сынап, кәсіби тұрғыдан дамуға деген ұмтылысы себеп болған.

    «Мен өрт сөндіру бөлімі мен полиция бөлімінің арасынан таңдау жасадым. Ойлана келе, өрт сөндіруші мамандығын таңдадым. Өйткені оны абыройлы әрі ер азаматқа тән мамандық деп есептеймін», – дейді ол.

    Акторе Темиржановичтың айтуынша, қызметтегі ең қиын сәттердің бірі – адам өмірі мен өртті сөндіру нәтижесіне әсер ететін шешімдер қабылдау. Бұл мамандық оны сабырлылыққа, төзімділікке және күйзеліске қарсы тұруға үйреткен. Ал отбасының қолдауы оған күш береді.

    Оның кәсіби жолы – жауапкершілік пен өз ісіне адалдықтың көрінісі. Басты мақсаты – халық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қызметтік міндетін абыроймен атқару.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары